×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Украинамен шекаралас аймақтарға бармауды сұрады

24.06.2023, 09:49
Ашық дереккөз

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қалыптасқан ахуалға байланысты отандастарымызды консулдық тіркеуге тұруға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

“Ресейдің Украинамен шекаралас аймақтарында орын алып отырған қауіпсіздік жағдайларына байланысты, аталған аймақтарға барудан бас тартуды сұраймыз.

Ресей Федерациясында, әсіресе Украинамен шекаралас аймақтарда жүрген еліміздің барлық азаматтарынан Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде консулдық есепке тұруларыңыз міндетті түрде ұсынылады (консулдық есепке сілтеме бойынша онлайн тұруға болады)”, – деп жазды Елшіліктен.

Ведомство төтенше жағдайлар туындай қалса, Қазақстан Республикасының азаматтарына бар қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеген.  

ҚР РФ Елшілігінің жедел желі телефоны: +7-925-897-71-14.

Серіктес жаңалықтары