×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Сабыр сақтайық: саясаттанушы Пригожиннің Ресейдегі қақтығысы жайлы

24.06.2023, 11:22
Коллаж: ulysmedia.kz.

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Ресейде болып жатқан бүлікке байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

«Ресей билігі осы оқиғаға байланысты Қазақстан әскерін шақыруы мүмкін бе?» деген сұраққа Ғазиз Әбішев «жоқ, ешқандай жағдайда ешқандай формада ҰҚШҰ әскері шақырылуы мүмкін емес» дейді.

«Менің ойымша, Ресей тарапы Қазақстан билігіне жүгінбейді. Қазақстанның Ресейдің ішкі ісіне мүлде араласпайды», - деп атап өтті Ғазиз Әбішев.

Сарапшының айтуынша, мұндай жағдайда Қазақстан билігі үшін ең дұрысы «тыныштық сақтап, басқа елдің ісіне араласпау».

«Қазақстан билігі дәл солай жасап та отыр. Қалай десек те, бұл Ресейдің өз ішіндегі мәселе. Өзі реттеуі керек. Қазақстанның айналысарлық өз проблемасы жетеді. Сол себепті бұл іске біздің мүлде қатысы жоқ», - дейді Ғазиз Әбішев.

Еске сала кетсек, жұма күні Евгений Пригожин "Вагнер" жауынгерлерін атқылады деп Ресей қорғаныс министрлігін айыптаған. Көп өтпей Пригожин (немесе дауысы соған ұқсайтын адам) "елдің әскери басшылығына қарсы" бүлік бастап, "әділдік орнататынын" мәлімдеді. Ол жұртты "қарсылық білдірмей берілуге" шақырды, 25 мың сарбазы барын ескертті. 

БАҚ-тың хабарлауынша Мәскеу мен Дондағы Ростовта "Бекініс" жоспары басталған. Ростов көшелерінде әскери техника жүр, кей көшелер жабылған. Ресей ФҚҚ "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожиннің үстінен қылмыстық іс қозғады.

ВВС-дің хабарлауынша Мәскеуде ФСБ басқармасы мен әскерилер дабыл бойынша жұмылдырылған. Мәскеу мен Ростов арасындағы федералдық трассаға блокпосттар қойылған. Ресей астанасындағы мемлекеттік мекемелердің маңына күзет қойылды деген деректер бар. Кей сарапшылар мен БАҚ Ресейде "азамат соғысы басталғанын" жазып жатыр.

Серіктес жаңалықтары