×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ұлытау өңірінің тұрғындарына орманда жүруге тыйым салынуы мүмкін

25.06.2023, 13:31
Ұлытау өңірінің тұрғындарына орманда жүруге тыйым салынуы мүмкін
Ашық дереккөз

Облыс әкімдігінің тиісті қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жергілікті әкімдік өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты ұлытаулықтарға орманға баруға тыйым салмақ.

«Жеке тұлғалардың ормандарды аралауына және орманға көлік құралдарының кіруіне, сондай-ақ Ұлытау облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупі жоғары кезеңде жекелеген жұмыс түрлерін жүргізуіне шектеулер енгізілуде», - делінген хабарламада.

Жоба 11 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Маусымның 9-ы күні Абай ауданында 30 мың гектарға жуық аумақты қамтыған өрт шыққаны хабарланды. Алайда кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып кетті. Сондай-ақ орман шаруашылығының 14 қызметкерімен байланыс үзілгені айтылды. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

9 маусым күні түн ортасына таман президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға сапарын кейінге қалдырып, Абай облысындағы өрт аймағына ұшпақ болғанын хабарлады. Сондай-ақ президенгт Абайдағы өртпен күресу үшін бар мүмкіндікті пайдалануды тапсырды. Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) 10 маусымға қараған түні Абайдағы өртті сөндіруге Алматы мен тағы төрт облыстан қосымша күштер мен құралдар жіберілетінін жазды.

Кейіннен Абай өңіріндегі із-түзсіз жоғалған орманшылардың барлығы (14 адам) қаза тапқаны белгілі болды.

Адамдардың өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тоқаев 12 маусымды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.