×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қарағандыда мемлекетке 109 млн теңге залал келтірген кәсіпкер сотталды

26.06.2023, 11:44
Қарағандыда мемлекетке 109 млн теңге залал келтірген кәсіпкер сотталды
фото: ашық дереккөзден

Қарағандыда жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып берген кәсіпкерге қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, халық тұтынатын тауарларды сатумен айналысатын жеке кәсіп иесі оның атынан «ТехнологияГорМаш» және «ТД СнабСервис» ЖШС атына 2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың қараша айы аралығында тау-кен-шахта жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерге шот-фактуралар жазғаны анықталды, бірақ іс жүзінде бұл тауарларға жеткізушілері болмаған.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 109 млн теңгеге жуық ірі залал келтірілді.

“Сот үкімімен кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған коммерциялық ұйымдарда әкімшілік-өкімдік функциялармен байланысты лауазымдарды 5 жыл мерзімге атқару құқығынан айыра отырып, 3,5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын алматылық кәсіпкер 26 мың тонна жанармайды заңсыз сатпақ болғаны анықталған.