×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

«Өзенмұнайгаз» бас директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

26.06.2023, 15:56
ozen.kz

«Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары Ермек Қарамырзаев (қазіргі таңда "Қаражанбасмұнай" АҚ Бас директорының орынбасары) ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ол  «КЕЗБИ» ЖШС-нің және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланған деп күдіктелуде.

Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған.

“Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол «КЕЗБИ» ЖШС-ні компаниясы үшін ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша көрінеу қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр етті. Өзінің заңсыз әрекеттерімен ол «КЕЗБИ» ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірді және мыңнан астам қызметкердің құқықтарын бұзды, сондай-ақ мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын “Өзенмұнайгаз” бас директорының орынбасары Б.Мамбетсапаев ұсталған.

Сондай-ақ, «Өзенмұнайгаз» АҚ  және оның мердігер ұйымдарында жүргізілген тексеру нәтижесінде 118 заңсыздық анықталды.

Серіктес жаңалықтары