×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Алматыда жылу бағасы қаншалықты өсетіні белгілі болды

27.06.2023, 10:38
Алматыда жылу бағасы қаншалықты өсетіні белгілі болды
фото: ашық дереккөзден

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС Алматыда жылумен жабдықтау қызметтеріне тариф өсетінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (ТМРКД) 2023 жылғы 23 маусымдағы бұйрығына сәйкес жылумен жабдықтау қызметтеріне тариф 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ұлғаятын болады. Халық үшін жылумен жабдықтау қызметтері құнының өсуі 20% – 5 839,23 теңгеден 7 007,08 теңгеге дейін/Гкал, бизнес үшін 30% – 12 870,44 теңгеден 16 731,57 теңгеге дейін/Гкал құрайды. Негізгі жүктеме бюджеттік ұйымдарға жүктеледі, мөлшерлеме 36% -ға - 25 698,42 теңгеден 34 971,84 теңгеге/Гкал-ға дейін ұлғаяды”, – делінген компания хабарламасында.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, «Инвестицияларға айырбастау тарифтері» мемлекеттік саясатын іске асыру түскен қаражатты жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағыттауға мүмкіндік береді. Қосымша қаржыландыру апаттылықты азайтуға және көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді. 

“2023 жылғы жағдай бойынша жылу желілерінің тозуы 59,2% -. құрайды. 2023-2026 жылдары 116 км коммуникацияларды жаңарту жоспарлануда, бұл тозуды 8% - дан астамға төмендетуге мүмкіндік береді”, – деді компаниядағылар.

Айта кетейік, бұдан бұрын Жоғары аудиторлық палатаның басшысы Наталья Годунова жылумен жабдықтау тарифтері көтерілмесе, елдің бірнеше өңірінде Екібастұздағыдай жағдай қайталануы мүмкін екенін айтқан.