×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Жылу тарифтері көтерілмесе, Екібастұздың күйін кешеміз – Годунова

21.06.2023, 14:01
Коллаж: Ulysmedia.kz

Жоғары аудиторлық палатаның басшысы Наталья Годунова жылумен жабдықтау тарифтерін көтеру мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер оның өңірлерде жылу бағасын көтеруге қатысты пікірін сұрады.

"Мейлі екі-үш есе болсын. Тарифді өсіру керек. Әйтпесе, біз бірнеше жылдан кейін Екібастұздың күйін кешеміз", – деді Годунова.

Бұған дейін Павлодар, СҚО, Абай, Ақмола облыстары, Алматы және басқа қалалардағы жылумен қамтушы компаниялар тарифтерді көтеруге өтінімдер бергені хабарланған болатын.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Мирас Зеріпбаев ол қтінімдер қандай жағдайда қанағаттандырылатынын түсіндірді.

Сондай-ақ, бұдан бұрын еліміздің жылумен қамту жүйелеріне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы жарияланды.

Серіктес жаңалықтары