×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Мемлекет жауап бермейді»: қазақстандықтар зейнетақы жинағын жеке компанияларға аудара алады

27.06.2023, 11:07
«Мемлекет жауап бермейді»: қазақстандықтар зейнетақы жинағын жеке компанияларға аудара алады
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Әрқайсымыздың өз зейнетақы жинағымыз бар. Нарықтағы компаниялардың бірін таңдап, жинақтаушы қорымызға барып айтуымызға болады. 50 пайызын сол компанияға жіберуге болады”, – деді Дүйсенова.

Министрдің сөзінше, ол үшін БЖЗҚ-ға арыз жазу керек. Соның негізінде зейнетақы қорындағы қаражат жинақтаушы қорға аударылады.

“Бірақ бір нәрсені ескерейік: біздің жіберген қаражатымыз табыстылығы, болмай қалуы сол компанияға байланысты болады. Егер сол ақша аударылған компания табысты болмай қалса оған мемлекет кепіл болмайды. Компанияны таңдаған кезде соны есепке алуымыз керек. Ондай компаниялар өте көп”, – деп ескертті ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын 1 шілдеден бастап міндетті зейнетақы жарнасын кімдер төлеуі тиіс екені хабарланған.