×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресейде Пригожиннің қарулы көтерілісіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

27.06.2023, 14:33
Ресейде Пригожиннің қарулы көтерілісіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ресейде "Вагнер" ЖӘК қарулы көтерілісіне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

"Қылмыстық істі тергеу барысында оның қатысушылары 24 маусымда қылмыс жасауға бағытталған әрекеттерді тоқтатқаны анықталды. Осы және өзге де мән-жайларды тергеу үшін маңызы бар жағдайларды ескере отырып, тергеу органы 27 маусымда қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарды", - деді ФСБ.

“Вагнер” көтерілісі кезінде кем дегенде он ресейлік әскери қаза тапты.

Еске салайық, 24 маусымға қараған түні “Вагнер” ЖӘК басшысы Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген. Ол науқанның мақсатын «Ресей Қорғаныс министрлігінің басшылығын жауапқа тарту» деп атады. ЖӘК басшысы «Президенттік билік, үкімет, Ішкі істер министрлігі және басқа да құрылымдар Қазақстандағы жұмысты жалғастырады» деп сендірді. 

Путин Пригожинді «сатқындық жасады» деп айыптап, бүлікті басуға бұйрық бергенін мәлімдеді.

Путиннің мәлімдемесіне берген жауабында “Вагнер” Ресейде жаңа жуырда жаңа президент болатынын айтты.

Көп ұзамай Ресейлік ФСБ «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады. Қазақстандықтардан жақын арада Украинамен шекаралас Ресей территорияларына бармауды сұрады.

Алайда Пригожин райынан тез қайтты. Оны қарулы қақтығысты тоқтатуға үгіттеген – Беларусь президенті Александр Лукашенко. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ол Пригожинге қарсы қылмыстық іс тоқтатылатынын, оның Беларуське кететінін жеткізді.

25 маусымға қараған түні  «Вагнер» жауынгерлері  Дондағы Ростовтағы Оңтүстік әскери округінің штаб-пәтері маңындағы аумақты тастап кеткені мәлім болды.

Бүліктен кейінгі халыққа жолдауында Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер" жалдамалыларына екі жол ұсынды.