×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Пригожин бүлігінен кейін эфирге қайта шыққан Путин халыққа үндеу жолдады

27.06.2023, 08:13
видеодан кадр

Ресей президенті Владимир Путин халыққа үндеу жолдап, "Вагнер" жалдамалылары жайлы жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол қарулы көтеріліс қалай болғанда да басылар еді деді. Сондай-ақ, Путин Евгений Пригожинді және басқа да бүлікшілерді сатқындық жасады деп айыптады.

Ресей Федерациясының басшысы "бүлікшілердің жолына тосқауыл болып, борышына, антына және өз халқына адал болған" қауіпсіздік қызметкерлеріне алғысын білдірді. Өз сөзінде ол 24 маусымдағы көтеріліс кезінде Ресей Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінің "Вагнермен" қақтығысы кезінде ұшқыштардың қаза тапқанын мойындады. Десе де Путин қайтыс болғандардың санын және басқа мәліметтерді нақтыламады.

"Біз “Вагнер” тобының жауынгерлері мен командирлерінің басым көпшілігі өз халқы мен мемлекетіне берілген Ресей патриоттары екенін білдік және білеміз", – деді Путин.

Осыдан кейін ол жалдамалылардың Ресейдің қорғаныс министрлігімен немесе басқа күштік органдармен келісімшарт жасасатын болса, елге қызмет етуді жалғастыруға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Путин ұсынған тағы бір нұсқа – Беларусьқа кету.

Еске салайық, 24 маусымға қараған түні “Вагнер” ЖӘК басшысы Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген. Ол науқанның мақсатын «Ресей Қорғаныс министрлігінің басшылығын жауапқа тарту» деп атады. ЖӘК басшысы «Президенттік билік, үкімет, Ішкі істер министрлігі және басқа да құрылымдар Қазақстандағы жұмысты жалғастырады» деп сендірді. 

Путин Пригожинді «сатқындық жасады» деп айыптап, бүлікті басуға бұйрық бергенін мәлімдеді.

Путиннің мәлімдемесіне берген жауабында “Вагнер” Ресейде жаңа жуырда жаңа президент болатынын айтты.

Көп ұзамай Ресейлік ФСБ «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады. Қазақстандықтардан жақын арада Украинамен шекаралас Ресей территорияларына бармауды сұрады.

Алайда Пригожин райынан тез қайтты. Оны қарулы қақтығысты тоқтатуға үгіттеген – Беларусь президенті Александр Лукашенко. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ол Пригожинге қарсы қылмыстық іс тоқтатылатынын, оның Беларуське кететінін жеткізді.

25 маусымға қараған түні  «Вагнер» жауынгерлері  Дондағы Ростовтағы Оңтүстік әскери округінің штаб-пәтері маңындағы аумақты тастап кеткені мәлім болды.

Серіктес жаңалықтары