×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Ақмола облысында 678 млн теңгенің орман учаскесі мемлекетке қайтарылды

27.06.2023, 15:13
көрнекі фото

Ақкөл ауданында құны 678 млн теңге болатын 118,9 га жер – сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттар үшін ұзақ мерзімге пайдалануға берілген орман қоры учаскесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, учаскелер 2016 жылдан бастап көзделген мақсатта пайдаланбаған.

«Сонымен қатар кәсіпкерлер орман өрті қаупінің жоғары болғанына қарамастан, оның алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізбей, өртке қарсы жоспарлар әзірлемеген. Жоғарыда аталған мән-жай аудан прокуратурасының актісі бойынша шарттарды бұзуға негіз болған. Жалпы құны 678 млн теңге болатын 118,9 га жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында 3500 гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылған.

 

Серіктес жаңалықтары