×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Қазақстанда шілдеде қатты аптап ыстық болады

28.06.2023, 12:33
Ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2023 жылдың 29 маусымы мен 1 шілдесіне арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктердің болжауынша, шілде айы қатты аптап ыстықпен басталады.

«Таяудағы үш тәулікте республика аумағының басым бөлігінде ауа райы атмосфералық фронтальды учаскелермен анықталады, соған байланысты найзағай ойнап, екпінді жел соғады, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, батыста қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. 1 шілдеде республикада бұршақ жаууы мүмкін, Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша орта есеппен 35 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары