×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Ресей армиясының Краматорскті атқылауы кезінде 9 адам қаза тапты

28.06.2023, 14:45
Ашық дереккөз

27 маусым күні кешке Ресей әскерлері Донецк облысындағы Краматорск қаласына С-300 зениттік-зымырандық кешендерден екі рет соққы берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресей әскерлері қала орталығындағы «РИА Пицца» дәмханасына, сондай-ақ Краматорск маңындағы Беленький ауылына да шабуыл жасады.

Кафелерден бөлек, бірнеше жеке үйге де зақым келген.

Соңғы мәліметтер бойынша, оқ ату салдарынан 9 адам қаза тапты, оның ішінде үш кәмелетке толмаған қыз, біреуі 17 жастағы және екі апалы-сіңлілі 14 жастағы жасөсіпірім бар. 60 адам зардап шекті, оның ішінде 2022 жылы туған бала бар.

Құрбан болғандар арасында Колумбия азаматтары – депутат Серхио Ярамило, жазушы Гектор Абаде және журналист Каталина Гомес болуы мүмкін.

Шабуылдың орнын тазалау жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары