Кремль "Вагнер" бүлігінен кейін Африкада және бірқатар Азия елдерінде өз ықпалын жоғалтудан қорқады. Бұл туралы Wall Street Journal жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұрын жеке әскери компаниямен байланысын жоққа шығарған Ресей билігі “Вагнер”көтерілісі күні сыртқы істер министрлігі делегацияларын Сирияға, Орталық Африка республикасы мен Малиге жергілікті билікпен келіссөздер жүргізу үшін жібергені туралы хабарланды.
"Дипломаттар Африка мен Таяу Шығыстағы серіктестерге Пригожиннің содырлары жүргізген "операциялар" жалғасатынын, бірақ олардың басшылығы ауысатынына сендіруі керек", – деп жазады басылым.
Батыс Африкадағы Сахель аймағы бойынша АҚШ-тың бұрынғы арнайы өкілі Джон Питер Фам атап өткендей, Ресей Африка мен Шығыстағы ықпалынан айырылғысы келмейді, ол аймақтарды жаулап алуға Пригожиннің жалдамалы әскерлері көмектескен.
Wall Street Journal қазіргі жағдай АҚШ пен серіктес елдер үшін бұрын Ресей Федерациясының бақылауында болған Африка мен Азия аумақтарында өз позицияларын бекітуге тырысудың жақсы себебі деп жазады.
Еске салайық, 24 маусымға қараған түні “Вагнер” ЖӘК басшысы Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген. Ол науқанның мақсатын «Ресей Қорғаныс министрлігінің басшылығын жауапқа тарту» деп атады. ЖӘК басшысы «Президенттік билік, үкімет, Ішкі істер министрлігі және басқа да құрылымдар Қазақстандағы жұмысты жалғастырады» деп сендірді.
Путин Пригожинді «сатқындық жасады» деп айыптап, бүлікті басуға бұйрық бергенін мәлімдеді.
Путиннің мәлімдемесіне берген жауабында “Вагнер” Ресейде жаңа жуырда жаңа президент болатынын айтты.
Көп ұзамай Ресейлік ФСБ «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс қозғады.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады. Қазақстандықтардан жақын арада Украинамен шекаралас Ресей территорияларына бармауды сұрады.
Алайда Пригожин райынан тез қайтты. Оны қарулы қақтығысты тоқтатуға үгіттеген – Беларусь президенті Александр Лукашенко. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Ол Пригожинге қарсы қылмыстық іс тоқтатылатынын, оның Беларуське кететінін жеткізді.
25 маусымға қараған түні «Вагнер» жауынгерлері Дондағы Ростовтағы Оңтүстік әскери округінің штаб-пәтері маңындағы аумақты тастап кеткені мәлім болды.
Бүліктен кейінгі халыққа жолдауында Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер" жалдамалыларына екі жол ұсынды.