×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

СҚО-ның спорт мектептеріндегі былықтар: 4 адам қызметінен айырылды

29.06.2023, 10:03
фото: ашық дереккөзден

СҚО прокуратурасы «Олимп» және «Дельфин» балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, тексеру барысында еңбек заңнамасын бұзу фактілерімен қатар, «Дельфинде» біліктілік санатын заңсыз беру, «Олимпте» оқушыларды шешіну орындарымен, спорт жабдықтарымен қамтамасыз етпеу, жаттықтырушы ретінде жұмысқа заңсыз алынған адамдарға негізсіз еңбекақы төлеу фактілері анықталды.

“Анықталған кемшіліктер бойынша облыс әкімдігінің атына, дене шынықтыру және спорт басқармасына қадағалау актілері енгізілді. Оны қарау қорытындысы бойынша бюджетке 6,8 млн теңге қайтарылды, 14 тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылған, 4 тұлға атқарған лауазымынан босатылып, 2 адам біліктілік санатынан айырылды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы С.В. Мелеховке сөгіс берілді.

Еңбек заңнамасын бұзу бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еңбекақыны негізсіз есептеу бөлігіндегі негізсіз ақша жинау, жұмысқа заңсыз алу бойынша тексеріс материалдары процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына (ПБ, ЭТД) берілген.

Дәрігердің спортшылардың жарысқа жарамды-жарамсыздығы туралы қол қою үлгілерін қолдан жасау фактілері және банкке қайырымдылық көмек көрсету туралы хаты бойынша Петропавл полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу бастады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қостанайда спорт мектебінің жаттықтырушылары жарыстарға бөлінген ақшаны жымқырған еді.

Серіктес жаңалықтары