×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Заңсыз иемделген активтер туралы заң: неліктен бірде-бір фамилия аталмады?

29.06.2023, 10:46
Заңсыз иемделген активтер туралы заң: неліктен бірде-бір фамилия аталмады?
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сенат депутаттары бүгін "Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңды мақұлдады. Заңның негізгі мақсаты - Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қанша отырыс өткізіп, қаншама миллиардтар туралы айтылғанымен, неліктен осы күнге дейін бірде-бір фамилия аталмады? Бұл сұрақ заңсыз иемделген активтерді қайтару жөніндегі заң жобасын әзірлеуге қатысқан депутат, заңгер Абзал Құспанға қойылды.

“Оны құқық қорғау органдарынан сұрау керек. Мен комиссия мүшесі емеспін, прокуратура өкілі де емеспін. Бұл мәселені мен ең бірінші депутаттық сауалымда сын ретінде көтергем. Біздің қоғам неге сенімсіздік білдіріп отыр? Өйткені ешкімнің аты-жөні аталып жатқан жоқ, ақша түсіп жатыр дейді, ол қай компаниялардан түсіп жатыр, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылды ма деген сұрақтарды көтерген болатынмын. Осы заңға бастамашы болғандардың бірі ретінде ашықтыққа баса көңіл бөліп отырмыз. Комиссия құрамына депутаттарды енгізу мәселесін депутаттық сауалымда тікелей қойдым. Өйткені бәрі – мемлекеттік органдардың бірінші басшылары. Бұл дұрыс емес. Олар ашық емес, жоғары жаққа тәуелді, артық қадамға бармайды”, – деп жауап берді депутат. 

Еске салайық, бұдан бұрын елге қайтарылған ақшаның есебін дайындайтын орган құрылатыны хабарланған.

Сондай-ақ, Әділет министрі Азамат Есқараев заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтарғандарды қудалаудың қажеті жоғын айтқан.