×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Ресейлік компания басшысының Қазақстанда ұсталуы: Бас прокуратура түсініктеме берді

29.06.2023, 14:14
Никита Кислицин

Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов F.A.C.C.T. компаниясы департаментерінің бірінің басшысы Никита Кислицын Қазақстанда ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бізге АҚШ юрисдикциясы сұрау жіберді. Мәліметтер базасы мен Интерпол арқылы жүйеге тиісті белгі қойылып, аталған адам ұсталды», - деді Ұлан Байжанов Сенат кулуарында. 

Енді Қазақстан АҚШ-қа күдіктіге тағылған айыптың мән-жайын түсіндіру жөнінде тиісті сауал жолдамақ. Содан кейін тиісті сараптама жасалады.

«Бұл құқық бұзу дерегі елімізде қаншалықты қылмыс саналатынын сараптаймыз. Яғни бұл іс жан-жақты зерттеледі. Осыдан кейін ғана күдіктіні экстрадициялау немесе бермеу жөнінде бір шешімге келеміз», - деді  Бас прокурордың орынбасары.

Байжанов күдіктінің Ресейге берілу мүмкін екенін де жоққа шығармады.

«Егер Мәскеу оны қайтарғысы келсе, олар да күдіктінің ісіне дәлел ұсынуға тиіс. Егер ол Ресей азаматы ретінде өз еліне барғысы келсе, онда жан-жақты пысықтап, шешім қабылдаймыз», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ ІТ саласының маманы Никита Кислицыннің АҚШ өтініші бойынша Қазақстанға ұсталғанын хабарлаған.

Серіктес жаңалықтары