×
460.15
501.38
5.11
#Қаңтар оқиғасы #қаңтар қақтығысы #сайлау #жемқорлық #тағайындау
460.15
501.38
5.11

Жамбыл облысында екі вагон контрабандалық темекі тәркіленді

30.06.2023, 09:13
Фото: t.me/knbgov_kz

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, 28 маусымда Шекара қызметі Жамбыл облысының «Меркі» теміржол өткізу пунктінде «Бішкек – Түрксіб» бағытындағы жүк пойызын тексеру барысында 2 вагоннан акциздік маркалары жоқ темекінің ірі партиясын анықтады.

Аталған жүк ілеспе құжаттарсыз Қырғыз Республикасынан кіргізілген.

“Жүк одан әрі тексеру үшін тиісті органдарға берілді”, - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанға 50 млн теңгенің электронды темекісін заңсыз әкелуші сотталған.

 

Серіктес жаңалықтары