Сонымен, депутаттар бүгін каникулға кетті. Олар қайда демалады? Не істейді? Ulysmedia.kz тілшісі бүгін бұл сұрақты бірнеше депутатқа қойды.
Дәулет Мұқаев:
Осы Астанадағы халықпен кездесемін. Маңғыстаудан шақырту алдым. Одан кейін демалысты Алакөлде өткізіп, туған жерімді аралаймын. Тамыз айында бұйырса Түркияға бару жоспарда бар.
Ермұрат Бәпи:
Проблема туындаған өңірлер бар. Соларға барып көрем. Сайлаушылармен кездесу өткізем. Қабылдаймын. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан, Тарбағатай өңірлеріне барам. Ең бастысы, шекаралық аймақтағы өңірлерге барсам деймін. Демалыста Катонқарағайға барам. Шетелге бармаймын. Шетелге баруға ықылас жоқ.
Асхат Рахымжанов:
Бүкіл Қазақстанда пай жерлері бойынша проблема көп. Шағым баршылық. Сонымен бірге біз бірқатар еңбек ұжымдарымен кездессек дейміз. Солтүстік Қазақстанда, Қостанай өңірінде еңбек қауіпсіздігі, шарттары бұзылған аудандар бар. Парламенттік жұмысымнан бөлек, партиялық жұмысым да бар. Шетелге шықпаймын.
Ринат Зайытов:
«Абай облысына сұранып отырмын. Сол жақтағы халықпен кездесем. Күзде өңірлермен кездесулердің нәтижесін көресіздер деп ойлаймын. Әрбір депутат өңірлердегі мәселелерді жинап әкеліп, електеп, соларды кешенді шешудің жоспарын құра алатын болсақ, жоспарлаған жұмыстың іске асып жатқаны деген сөз. Демалыс жағын айтар болсам, Шығыс Қазақстанда демалатын шығармын. Алакөлде.
Елнұр Бейсенбаев:
«Мен Балқаш пен Алакөлге барам. Бізге ыңғайлы, тиімді. Бала-шағамыз кішкентай ғой. Ал партиялық жұмыс жағынан әлбетте, өңірлерді аралаймыз.
Бақытжан Базарбек:
Денсаулықты түзеу керек. Денсаулық кішкене сыр беріп жатыр.
Еске сала кетейік, бүгін Парламент депутаттары каникулға кетті.