×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қостанайлықтарды Украинадағы соғысқа жіберу үшін іріктеген

30.06.2023, 10:22
Қостанайлықтарды Украинадағы соғысқа жіберу үшін іріктеген
Sputnik

Қостанай облысының прокуратурасы Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы соғысқа қатысуға шақырған жазбаларға байланысты тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты материалдар (жарияланымдар, бейнесюжеттер, посттар, пікірлер) белсенді жариялануда. Бұл ретте олардың кейбіреулері Қазақстан азаматтарын қақтығысқа қатысуға шақырумен, қасақана арандатушылық сөздермен және екі тарап азаматтарының ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау белгілері бар көрінеу жалған ақпаратпен сүйемелденеді. Әлеуметтік желілердің кейбір пайдаланушылары, соның ішінде Қазақстан азаматтары арасынан болып жатқан оқиғаларға көпшілік алдында пікір білдіре отырып, оларда еліміздің аумағының тұтастығына қатысты сепаратистік үндеулер орналастыруда.”, – делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, облыс аумағында Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысу үшін Ресей Федерациясының аумағына жергілікті тұрғындарды іріктеу әрекеттері тіркелген. Бұл әрекеттерге Қазақстан Конституциясымен, біздің ел қатысушы болып табылатын жалпыға бірдей танылған халықаралық-құқықтық құжаттармен тыйым салынған.

“Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде осындай арандатушылық сөздер мен үндеулерге берілмеуге шақырамыз”, – деді прокурорлар.

Қазақстан азаматының шет мемлекет аумағындағы әскери іс-қимылдарға қасақана заңсыз қатысуы, сол сияқты ұлттық араздықты қоздыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстанның тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмаушылық пен бөлінбеушілікті бұзуға жария түрде шақыру қылмыстық-жазаланатын іс-әрекеттер (ҚР ҚК-нің 172, 174, 180-баптары) болып табылады және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін туғызатын көрінеу жалған ақпарат тарату үшін, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекеттер үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

“Жоғарыда айтылғандардың негізінде, азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды жоғарыда аталған кез келген құқық бұзушылықтарды жасаудан бас тартуға, осындай арандатушылық сөздер мен үндеулерге жол бермеуге және олардың алдын алуға шақырамыз”, – деп ескертті ведомство.