×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

БҚО-да коммуналдық кәсіпорын басшылығы 162 млн теңге жымқырған

30.06.2023, 14:16
azattyq-ruhy.kz

Теректі аудандық соты «Теректі-таза су» мемлекеттік кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметінше, сот үкімімен кәсіпорын директоры 7,5 жылға және бас бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екеуі де өзіне және ұйым қызметкерлеріне жалақыны артық аудару, сондай-ақ жеткізушілерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын негізсіз аудару арқылы 162 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды.

“Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын «Балқаш Жылу» ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жалпы сомасы 677 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген еді.

Серіктес жаңалықтары