×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстандық спортшы паратаэквондодан Еуропа чемпионатында қола иеленді

02.07.2023, 12:55
Ашық дереккөз

Ақсайлық спортшы Мариям Сәлімгереева паратаэквондодан Еуропа чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Чемпионат Францияның Монтаржис қаласында ұйымдастырылды. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ербол Мерғалиевтің шәкірті Сәлімгереева тағы үш спортшымен бірге ел намысын қорғады.

Бойжеткен 65 келі салмақта К-44 санатында сынға түсті. Жаттықтырушының айтуынша, Мариям 2021 жылдан бері паратаэквондомен айналысады, ал Еуропа чемпионатына қатысу Мариям үшін дебюті болды әрі сәтті өтті. Отандасымыз жекпе-жекте Франция спортшысынан ұтылып, қола жүлдегер атанды.

Айтпақшы, Қазақстан құрамасынан ол ЕУРО-ның жалғыз жеңімпазы атанды.

Енді Мариям Қытайда күзде өтетін Пара Азия ойындарына қатысады.

Серіктес жаңалықтары