×
$
448.72
€
493.86
₽
5.49
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
448.72
€
493.86
₽
5.49

Путин Еуропа өкілдерін Украина бойынша келіссөзге Мәскеуге шақырды

Бүгін, 11:10
Путин Еуропа өкілдерін Украина бойынша келіссөзге Мәскеуге шақырды

Еуропаның үш ірі мемлекеті Украинадағы соғысты реттеу мәселесі бойынша Мәскеумен тікелей келіссөз жүргізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ресей тарапы кездесуді өз астанасында өткізуді ұсынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Bloomberg мәліметінше, Франция, Германия және Ұлыбритания өкілдері Ресей билігімен кездесу ұйымдастыру мәселесін талқылап жатыр. Соңғы күндері осы елдердің бірінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковпен байланысқан. Әңгіме келіссөздер өткізуге қатысты болған. Ушаков кездесуді Мәскеуде ұйымдастыруды ұсынған.

19 қарашада Владимир Путин Ресей тарапы Еуропа өкілдерін Мәскеуге шақырғанын растады. Оның айтуынша, алдымен Ресей Еуропаның Украинадағы соғысты реттеу жөніндегі ұстанымын білгісі келеді. Содан кейін Киевпен келіссөздердің бұдан арғы форматын айқындамақ.

Еуропа Украина тағдырын шешуге қатысқысы келеді

Кездесу мәселесі АҚШ-тың жаңа дипломатиялық бастамалары аясында талқыланып жатыр. Вашингтон Ресей мен Украина арасында бейбіт келісімге қол жеткізуге күш салып келеді. Алайда Еуропа елдері өз қауіпсіздігіне қатысты шешімдер өздерінің толық қатысуынсыз қабылдануы мүмкін деп алаңдайды.

Даулы мәселелердің бірі – Еуропаның болашақ қауіпсіздік жүйесі. Мәскеу НАТО күштерінің Шығыс Еуропада орналасуына шектеу қоюды талап етіп отыр. Еуропа мемлекеттері мұндай мәселелерді бейбіт келісімге қол жеткізілгеннен кейін талқылау керек деп санайды.

Ал Украина президенті Владимир Зеленский Еуропа өкілдерінің Мәскеуге баруына қарсы шықты. Оның пікірінше, келіссөздерді бейтарап аумақта өткізген дұрыс.

Бұған дейін

13 қарашада Еуропа көшбасшылары бейбіт келіссөздерде Еуропаның мүддесін қорғайтын топтың құрамын келіскен. Оған Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия, Польша өкілдері және Еуропалық одақ институттарының өкілдері кірді.

Ресей, Украина және АҚШ арасындағы соңғы келіссөздер 10–11 қарашада Әбу-Дабиде өтті. Сол кезде Еуропа өкілдері АҚШ және Украина делегацияларымен бөлек кеңескен. Ресей тарапымен тікелей байланыс болмаған.

Сізге қызық болуы мүмкін