×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жетісу облысында ауыл балабақшасынан 38 млн теңге ұрланған

03.07.2023, 11:02
көрнекі фото

Ақсу ауданында балабақша бухгалтері өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 40 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жымқыру фактісі штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықталды, онда тиісті жалақы мен нақты төленген қаражат арасындағы айырмашылық болды. Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (аса ірі мөлшерде ұрлау)», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Істі Жетісу облысы прокуратурасы тергеп жатыр. Күдікті белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, бұдан бұрын СҚО шенділері балабақшаларды заңсыз тексермек болғанын хабарлағанбыз

Серіктес жаңалықтары