Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елдегі жанармай қоры қанша күнге жететінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Бүгінгі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша бізде АИ-92 маркалы бензиннің қоры 23 күнге жетеді. АИ-95 маркалы бензиннің қоры 15 күнге, дизельдің қоры 29 күнге жетеді. Бұл – бүгінгі сағат 9:00-дегі жағдай», - деді ол Үкімет отырысының кулуарында.
Сонымен қатар, министр жанармай тапшылығы туындаған жағдайда қолдан қымбаттатуға жол берілмейтініне сендірді.
«АИ-95 маркалы бензиннен басқа қандай да бір жанармайдың бағасының күрт өсуін болдырмаймыз деп ойлаймын. Өйткені оны Ресейден импорттауға тура келеді. Қазір АИ-95 маркалы бензиннің қоры 15 тәулікке жетеді. Павлодар мұнай зауытындағы жөндеу жұмыстарына байланысты, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы апатқа байланысты, Шымкент зауытының АИ-95 маркалы бензиннің өндіріс көлемін азайтуына байланысты нарықты Ресей Федерациясынан алдыратын импорт арқылы ғана толық жабамыз деп күтіп отырмыз. Ресеймен тиісті келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бізге шамамен 40 мың тоннадай АИ-65 маркалы бензин импорттау қажет. Келіссөз жүріп жатыр. Қазір «Газпром нефть» жеткізе бастады», - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Еске салайық, 3 шілдеде Маңғыстау атом электр комбинатының (МАЭК) №1 блогындағы апат салдарынан "Атырау мұнай өңдеу зауытының" жұмысы тоқтап қалды. Қаланың біраз бөлігі жарықсыз қалды.
Энергетика министрлігі "Атырау мұнай өңдеу зауыты" жарық сөнуге байланысты жұмысын тоқтатқанын, бұл қадам апатты алдын алу үшін жасалғанын мәлімдеді.
Ал үкімет басшысы Смайылов апат салдарынан елде жанармай тапшылығы туындамайтынына сендірді.