×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Атыраудағы апат жанармай тапшылығын тудырмай ма – Смайылов жауап берді

04.07.2023, 09:44
Коллаж: Ulysmedia.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ақтаудағы энергия комбинатында апатты жағдайдан автоматты қорғау жүйесі іске қосылды. Қазіргі таңда энергиямен қамтамасыз ету қалпына келтіріліп жатыр. Бұл аймақтардың энергия жүйесі батыс энергетикалық торабымен біріктірілген. Атырау мұнай өңдеу зауыттарында ақаулар анықталған жоқ. Зауыттың жұмысын қауіпсіз тоқтату үшін дер кезінде шаралар қабылданды», –  деді үкімет басшысы.

Смайыловтың сөзінше, қазір зауыт жұмысы қалпына келтіріліп жатыр.

«Ешқандай да жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын баса атап өткім келеді. Қолда бар отын қоры бүкіл республикаға жетеді. Барлық мұнай өңдеу зауыттарын тоқтату туралы алыпқашпа әңгімелер шындыққа жанаспайды. Жағдай бақылауда», - деді ол.

Еске салайық, кеше Маңғыстау атом электр комбинатының (МАЭК) №1 блогындағы апат салдарынан "Атырау мұнай өңдеу зауытының" жұмысы тоқтап қалды. Қаланың біраз бөлігі жарықсыз қалды.

Энергетика министрлігі "Атырау мұнай өңдеу зауыты"  жарық сөнуге байланысты жұмысын тоқтатқанын, бұл қадам апатты алдын алу үшін жасалғанын мәлімдеді.

 

Серіктес жаңалықтары