×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

МАЭК-тегі апат: энергетикалық блок қашан толық іске қосылатыны айтылды

05.07.2023, 13:57
gov.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Маңғыстау атом энергетика комбинатында (МАЭК) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексеру үшін Ақтауға барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МАЭК Ақтау қаласының және Маңғыстау облысының басқа да елді мекендерінің тұрғындарын электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ кәсіпорынның тұщыландыру кешені ауыз су, ыстық және техникалық су береді.

МАЭК-тің негізгі энергетикалық жабдықтары өткен ғасырдың 60-90-шы жылдары пайдалануға берілген, оның тозу деңгейі бүгінгі күні 80% асады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы кәсіпорынды жаңғырту туралы тапсырма берген болатын. Аталған жұмыс аясында әкімдік резервінен электр станциясының әбден тозған жабдықтарын, тұщыландыру қондырғыларының сорғы жабдықтарын және тағы басқасын ауыстыруға 2,6 млрд теңге бөлінді.

Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп жатқаны атап өтілді. 7 шілдеде энергия блогын толық жұмыс режиміне шығару жоспарланып отыр.

Премьер-Министр МАЭК-тің энергетикалық жабдықтарының тозуынан жабдықтар жиі істен шығып, апатты жағдайларға әкелетінін атап өтті.

«Үкімет энергетикалық жабдықтарды жаңғырту үшін 4,9 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл кәсіпорын жұмысының тұрақтылығын арттырады. Әкімдік барлық өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысын тез арада қалпына келтіруі қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Еске салайық, 3 шілде күні №1 энергетикалық блоктың жұмысы апатты жағдайда тоқтап қалған болатын. Апат салдарынан "Атырау мұнай өңдеу зауытының" жұмысы тоқтады. Қаланың біраз бөлігі жарықсыз қалды.

МАЭК қызметкерлері сәуір айында кәсіпорында жабдықтардың тозғанын, сондай-ақ жалақының төмендігіне байланысты кадрлар жетіспейтінін айтқан. Ulysmedia тілшісі энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен неге бұл ескертуді ешкім елемегенін сұрады.

Министр МАЭК-тегі жағдайдың күрделі екенін растады. Онда толық көлемде күрделі жөндеу жүргізілмеген, қаржыландыру жеткіліксіз болған.

Ал үкімет басшысы Әлихан Смайылов Атырау зауытындағы апат салдарынан елде жанармай тапшылығы туындамайтынына сендірді.

Сондай-ақ, бұдан бұрын электр желілеріндегі іркілістер елдегі мұнай кәсіпорындарына қанша шығын келтіргенін жазғанбыз.

Серіктес жаңалықтары