×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Электр желілерінің тозуы: мұнай кәсіпорындары қанша шығынға батты

04.07.2023, 12:31
фото: ашық дереккөзден

Соңғы 2,5 жылда елдегі мұнай өндіру кәсіпорындарында электр қуатының үзілуінен жалпы 279 мың тонна мұнай өндірілмеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ҚазМұнайГаз” мәліметінше, компанияға қарасты кен орындарында биыл электр қуаты жалпы 153 рет үзілген, бұл 75 мың тонна мұнай көлемінің өндірілімеуіне әкелді.

«Біз электр энергиясын таратудағы ақаулардың жиілеп кеткенін байқап отырмыз. Егер 2017 жылдан 2019 жылға дейін біздің компания дәл осындай себеппен өндірісте 3 700 тонна мұнай жоғалтса, 2021 жылдан 2023 жылға дейін бұл көрсеткіш 45 мың тоннаға дейін өсті. Кеше біздің шығын 2,5 мың тонна мұнайды құрады. Қазіргі кезде алдымызға қойылған өндірістік бағдарламаны орындай алмау қаупі туындап отыр», — деп атап өтті «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директоры Нұрсейіт Союнов.

Ал «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының сөзінше, компанияның 2023 жылдың 6 айында электр қуатының үзілуіне байланысты шығындары (1 млрд 267 млн теңге) өткен екі жылдағы шығын көлемінен асып жығылған. Оның айтуынша, бұл электр желілері инфрақұрылымының тозығы жеткенін айғақтайды.

Еске салайық,3 шілдеде Маңғыстау атом электр комбинатының (МАЭК) №1 блогындағы апат салдарынан "Атырау мұнай өңдеу зауытының" жұмысы тоқтап қалды. Қаланың біраз бөлігі жарықсыз қалды.

Энергетика министрлігі "Атырау мұнай өңдеу зауыты"  жарық сөнуге байланысты жұмысын тоқтатқанын, бұл қадам апатты алдын алу үшін жасалғанын мәлімдеді.

Ал үкімет басшысы Смайылов апат салдарынан елде жанармай тапшылығы туындамайтынына сендірді.

Серіктес жаңалықтары