×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Twitter Meta компаниясын жаңа Threads әлеуметтік желісіне байланысты сотқа бермек

07.07.2023, 12:32
Ашық дереккөз

Twitter Meta компаниясын жаңа Threads әлеуметтік желісіне байланысты сотқа бермек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

5 шілдеде Twitter заңгері Алекс Спиро Meta компаниясының басшысы Марк Цукербергке хат жолдап, ол хатында компанияны “Twitter құпиясы мен зияткерлік меншігін заңсыз иемденді” деп айыптаған. Бұл ретте заңгер Threads әлеуметтік желісі жайлы жазып отыр.

"Бәсеке — жақсы шығар, алдаған дұрыс емес”, — деп жазды Twitter басшысы Илон Маск.

Threads қолданбасы осы аптаның ортасында іске қосылды және оған 30 миллионға жуық адам жазылып үлгерді.

Атап айтқанда, Spiro Метаны компания құпияларына әлі де қол жеткізе алатын және әлеуметтік желіні көшіруге көмектескен ондаған бұрынғы Twitter қызметкерлерін жұмысқа алды деп айыптайды. Ол Метадан бұл құпияларды қолдануды дереу тоқтатуды талап етеді.

Threads өкілі Энди Стоун Threads технологиялық тобында бұрынғы Twitter қызметкері жоқ деп мәлімдейді.

Серіктес жаңалықтары