×
475.25
505.52
4.95
#Қаңтар оқиғасы #қаңтар қақтығысы #сайлау #жемқорлық #тағайындау
475.25
505.52
4.95

Түркістандық шаруа құстарды атамын деп баланы жазым қылды

09.07.2023, 12:16
Ашық дереккөз

Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Анықталғандай, 8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.

“Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді. Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды”, – деп жазды Ішкі істер министрлігінен.

Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары