×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Ақмола облысында аққуды атқандар ұсталды

09.10.2021, 10:55
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны «Жұлдыз» аңшылық шаруашылығы аумағында а00уды ат0ан6 деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Polisia.kz-ның мәліметінше, 7 қазанда Егіндікөл АПБ кезекші бөліміне аумақтық орман шаруашылығы қызметкерінен телефон хабарламасы келіп түсті. Ол «Жұлдыз» аңшылық шаруашылығы аумағында белгісіз тұлғалардың заңсыз аң аулаумен айналысатынын хабарлады. Оқиға орнына дереу келген полиция қызметкерлері 41 және 42 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғынын анықтады.

Оқиға болған жерді тексеру барысында полиция қызметкерлері бір аққу ұшасын, ұсталғандарға тіркелген екі мылтықты, сондай-ақ гильзаларды, 60-тан астам патронды, патронташты тәркіледі. Алдын ала шығын 5 млн. 250 мың теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта заңсыз аң аулау фактісі бойынша Егіндікөл АПБ тергеу бөлімі ҚР ҚК 337-бабы бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Сараптама тағайындалды.

Еске сала кетсек, аймақта бұл суда жүзетін құстарды аулауға тыйым салынған. Аққулар сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізіміне жатады және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

Серіктес жаңалықтары