×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстан-Ресей шекарасында 100-ден астам жүк көлігі кептеліп тұр

10.07.2023, 09:07
көрнекі фото

Әлеуметтік желілерде Ресейден Қазақстанға бет алған көліктердің шекарада бірнеше шақырымдық кезек күтіп тұрған сәті түсірілген видео тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кадрлардан кезекте ондаған жүк машинасы тұрғанын көруге болады. Видео авторларының есебінше, шекарада 110-нан астам жүк көлігі кептеліп тұр.

"Кем дегенде бір апта тұратындары анық, әне, біреуі жуынып жатыр", – дейді автор.

Жергілікті тұрғындар мұндай ұзын-сонар кезектер бұған дейін басқа учаскелерде болғанын айтады.

"Жазғыштар Қазақстан Кеден одағы мен Ресейді көзге ілуді қойғанын жазып жатыр. Ал қазір Ресей Федерациясындағы барлық тауарлар ҚР мен Армения арқылы параллель импортталады. Кезек содан туындап отыр. Немесе Ресей Федерациясының шекара қызметтері қайтадан жасанды түрде кезек тудырған немесе ҚР бақылауды күшейткен", - дейді жергілікті тұрғындар.

Серіктес жаңалықтары