Атырау қаласының әкімі лауазымына Шәкір Кейкін тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Шәкір Кейкінұлы 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласында «Теңізмұнайкомплект» ЖШС-да коммерциялық бөлімінің брокері қызметінен бастаған. 1999 жылға дейін әр түрлі қызмет атқарған.
1999-2001 жылдары «РАМАКО» ЖШС директорының коммерция жөніндегі орынбасары, 2001-2008 жылдар аралығында «Казстройсервис ЛТД» ЖШС директоры, 2008-2008 жылдары Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі болған.
Ал, 2008-2009 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары, 2009-2018 жылдары Жылыой ауданы Құлсары қаласының әкімі болып жұмыс істеген.
2018-2019 жылдар аралығында Атырау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобильдары жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы, 2019 жылғы ақпан-қыркүйекте Атырау қаласы әкімінің орынбасары, 2019-2022 жылдар аралығында Мақат ауданының әкімі болып тағайындалған.
Биылғы наурыздан осы тағайындауға дейін Сауда және интеграция министрлігінде Сауда департаментінің басшысы қызметін атқарып келген.