×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Үндістандықтар Қазақстан арқылы Ресейге заңсыз өтпек болған

10.07.2023, 13:36
polisia.kz

Ақтөбеде 16 шетелдік азамат ел шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған, деп хабарлай Ulysmedia.kz.

“7 шілдеде Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері ҰҚКД Шекара қызметімен бірлескен іс-шаралар өткізу кезінде Ақтөбе облысының аумағында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өтуге тырысқан Үндістанның 16 азаматын анықтады. Олар Қазақстан арқылы Ресейге өтуді жоспарлаған”, – делінген ІІМ хабарламасында.

Аталған шетелдіктер шағын транзиттік автобуспен Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлері арқылы келе жатқан. Алдын алу іс-шараларының нәтижесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын уақытылы болдырмауға мүмкіндік туды. Профилактикалық әңгімелесуден кейін шетелдіктер әрі қарай өз елдеріне қайтару үшін бақылаумен Алматыға қарай жіберілді.

Серіктес жаңалықтары