×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Оралдықтар жарықсыз қалды

11.07.2023, 07:55
фото: ашық дереккөзден

Аптап ыстық пен қатты жел салдарынан Орал қаласының бірнеше ауданы жарықсыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Надежда" басылымына сілтеме жасап.

10 шілдеде Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығының 800 абоненті электр энергиясынан ажыратылды. "Батыс Қазақстан АЭК" ЖШС мәліметінше, бұған қатты жел мен аптап ыстық себеп болған.

"Орталық базар аудандарының, ескі әуежайдың, Желаево кентіндегі Кленовая көшесінің, Подстепное ауданындағы саяжайдың, сондай-ақ ішінара Дерқұл кентінің, 2-ші жұмысшы кентінің тұрғындары электр қуатынсыз қалады", - деді қалалық желілердің бас инженері Денис Диминтевский.

Басылымның жазуынша, бірқатар аудандарда электр қуаты қалпына келтірілді.

Серіктес жаңалықтары