Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев осы жазда демалысқа баратынын айтты. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктердің жазда бірнеше апталық демалысқа шығуы қасақылықпен бірдей болатынын мәлімдеген еді. Мұны ол елорда әкімі Жеңіс Қасымбекке қарата айтқан. Сонымен қатар, ол жылыту маусымына мұқият дайындалу қажет екенін ескерткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қарабаев өзінің демалысы келісілгенін атап өтті – ол осы жазда кетпекші.
"Демалысқа жалпы жоспар бойынша барамын, премьер-министрмен келісілді. Жылыту маусымына қелсек, орталық мемлекеттік орган, атап айтқанда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі дайындық үшін барлық қажетті жұмыстарды жасады. Жазда мен демалысқа барамын, суыртпақтамауды сұраймын. Президенттің ескертуі Астана қаласын дамыту бойынша болды және менің білуімше, қала әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты болды. Өкінішке қарай, мен іссапарда едім, жиынға қатысқан жоқпын", - деді министр.
Айта кетейік, журналистер ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен де жазғы демалыстары жайлы сұрады – олардың демалатын жоспары жоқ.
"Биыл демалысқа шығуды жоспарлап отырған жоқпын. Өткен жылы да бармадым", - деді Әлібек Қуантыров.
"Мен де әлі демалысқа шықпайтын шығармын. Үкімет бекіткен кестеге сай демалармыз", - деп жауап берді Алмасадам Сәтқалиев.
Айта кетейік, бұдан бұрын Ulysmedia.kz тілшісі мәжіліс депутаттарының жазда қайда демалатынын сұраған.