×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

«Әскери құрылыс» басшысы туыстарымен бірге 600 млн теңге жымқырған

12.07.2023, 14:36
tengrinews.kz

Антикор «Әскери құрылыс» АҚ бұрынғы президенті Е.Тәжиденовтың және басқалардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде туған ағасы мен жиені, сондай-ақ Тәжиденовтың қарамағындағы «Әскери құрылыс» ЖШС мен оның Астана қаласы бойынша филиалының қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты адамдар бар.

Олар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, өтеусіз қаржылық көмек көрсетуге үлестес компаниялармен жалған шарттар жасасу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенеді.

Залалдың жалпы сомасы 596 млн теңгені құрайды. Оны өтеу мақсатында қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі уақытта айыпталушылар ісі сотқа берілді.

Айта кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коммуналдық кәсіпорын басшылығы 162 млн теңге жымқырған еді.

Серіктес жаңалықтары