×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

"Әскери құрылыстағы" жымқырулар: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

13.07.2023, 08:02
фото: ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігі "Әскери құрылыс" басшылығының жемқорлық күдігімен тергелуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Қорғаныс министрлігінің лауазымды адамдарының ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы жоқ екені анықталды.

“Қазір қылмыстық жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінің салдарынан "Әскери құрылыс" АҚ-ның қаржылық жағдайы айтарлықтай төмендеді, осыған байланысты кредиторлық берешегі болды. Кез келген сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында Қорғаныс министрлігі бірқатар қатаң шаралар қабылдады. Атап айтсақ, "Әскери құрылыс" АҚ басшылығы толық ауыстырылды, жалпы ведомстволық бағынысты ұйымның қызметіне бақылау күшейтілді”, – делінген хабарламада.

Министрлік бұл заңсыз әрекеттерді 2019-2020 жылдар аралығында акционерлік қоғамның  лауазымды тұлғалары жасағанын атап өтті.

“Барлық бұзушылықтар бойынша жедел ақпараттандыру мен тергеу іс-шаралары сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі бағдарламаны іске асыру аясында ҚР Қорғаныс министрлігінің қазіргі басшылығының бастамасымен қолға алынды. 2022 жылдың басынан бастап "Әскери құрылыс" АҚ қызметін реформалау және кредиторлық берешекті өтеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 100-ден аса компания медиативтік келісімдерге қол қойды. Кәсіпкерлер алдындағы кредиторлық берешектің негізгі бөлігін 2023 жылдың соңына дейін міндетті түрде өтеу жоспарланып отыр”, – деп түсіндірді ведомство.

Еске салайық, бұдан бұрын Антикор «Әскери құрылыс» басшысы туыстарымен бірге 600 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінгенін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары