×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қамаудағы Қайрат Құдайбергеннің картасымен миллиондаған теңге несие алынған

14.07.2023, 11:49
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қайрат Құдайберген ісі бойынша жаңа "ілеспе" мәліметтер пайда болды. Ulysmedia.kz о бастан бұл тергеудің хроникасын жүргізіп келеді, мезгіл-мезгіл құқық қорғау органдарына өтініштер жазады және күдіктімен хат алмасып отырады. Мамыр айында біз Құдайбергеннен басқа мүліктерінен бөлек Mercedes-Maybach S500 көлігі тәркіленіп, айыппұл тұрағына  жіберілгені туралы жазғанбыз. Көліктің қазір қайда екені құпия. Прокурорлар Ulysmedia.kz материалдарын елемеді және біздің шындық детекторының көмегімен сұхбат жүргізу туралы өтінішімізге қысқаша жауап берді – рұқсат жоқ.

Сіздікі болды – біздікіне айналды

Біз өз елімізде жеке меншік құқығы заңды қорғалатанын, алайда Қайрат Құдайбергеннің бұл құқықтан айырылғанын жаздық. Бұл құқық ҚР Конституциясының 6-бабының 1-тармағында бекітілген және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде жазылған. 188-баптың 1-тармағында "меншік құқығы субъектінің өз қалауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету үшін заң актілерімен танылатын және қорғалатын құқығы" деп жазылған.

Тартып алуға болады, бірақ Конституцияда айтылғандай – "ешкім өз мүлкінен сот шешімінен басқа жолмен айырыла алмайды".

Сонымен, бір жылдан астам уақыт бұрын құқық қорғау органдары Қайрат Құдайбергеннің көлігін тінту кезінде American Express несие картасын тәркілеген. Бұл банк картасы ақшаны алуға және несиеге 4,5 миллион теңгеге дейін төлем жасауға мүмкіндік береді.

Ал осы жылдың сәуір айында Қайраттың анасына карта бойынша 2,2 миллион теңгеге жуық қарыз пайда болғаны туралы СМС-хабарлама келіп түсті, ал оның иесі бұл уақытта тергеу изоляторында болған.

Адвокат Нұржан Советов тінту жүргізілгеннен кейін несие картасы заттай дәлел ретінде танылмағанын және туыстарына берілмегенін – қайда кеткені белгісіз екенін анықтады. Оның қайда екенін түсіндіруді сұраған өтінішхатқа жауап ретінде тергеушілер өздерінде карта жоқтығын айтқан.

Адвокат Бас прокуратураға шағым жазды, содан кейін ғана ведомствоаралық жедел-тергеу тобы карта Құдайберген ісі бойынша тергеу барысында көптеген бұзушылықтар үшін жұмыстан шығарылған тергеушілердің бірінде болғанын хабарлады. Олар қарызы көбейген картаның тағдыры туралы ештеңе білмейтіндерін мойындады.

"21.04.2022 ж. ведомсвтоаралық тергеу тобының тергеушісі М. Е. Юсупов Mercedes Maybach автокөлігін тінту іс-шаралары барысында күдікті Құдайберген Қ.тиесілі заттар тәркіленді., соның ішінде "American Express"банк картасы. Кейіннен бұл карта тергеуші А. Арыновқа берілді."

2023 жылғы 2 ақпанда Арынов жұмыстан шығарылған.

Қайрат Құдайбергеннің картасымен несиені  кім алғанын анықтау үшін адвокат банкте мүдделерді білдіру үшін сенімхат ресімдеуге көмек сұрап, тергеу изоляторының басшылығына сұрау жолдады. Алайда тергеу изоляторының бастығы Қапышев "Ведомствоаралық жедел-тергеу тобында басшылығының келісімінің болмауына байланысты"сенімхат беруден бас тартты.

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобындағылар тергеудегі азаматтың жеке меншігіне кім қолын сұққанын, яғни қарапайым тілмен айтқанда, оны кім тонап кеткенін анықтауға мүдделі емес деген қорытынды жасауға болады.

Сондай-ақ, тінту кезінде Құдайбергеннің әйелі мен баласының телефондары тәркіленгені белгілі. Олар да "Майбах" сияқт  әлі күнге дейін қайтарылған жоқ.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген өткен жылдың 22 сәуірінде ұсталды. 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі үздіксіз ұзартылып келеді.

Қ.Құдайбергенге «Дикий» Арманмен бірге қаңтар оқиғасы кезінде адам жинауды ұйымдастырды деген айып тағылған.  Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты  порталымызға тергеу камерасынан жолдаған жазбаша жауабында қаңтар оқиғасы жайлы өз нұсқасын айтып берген еді.

 

Серіктес жаңалықтары