×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Уимблдонда су жаңа чемпион

15.07.2023, 21:23
Ашық дереккөз

Әйелдер арасында Уимблдонның финалында Чехия теннисшісі Маркета Вондроушова Тунис елінің өкілі Онс Жаберді жеңді. Бұл Вондроушованың Үлкен Дулыға турниріндегі ең алғашқы титулы.
 

6:4, 6:4 есебімен аяқталған турнирдің ақырғы матчында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Маркета бірде бір эйс жасамаған, бірақ төрт қосар қателік жасады. Қарсыласы Онстың еншісінде бір эйс және нөл қосар қателік. 

Жеңімпаз теннисші 2000 ұпаймен қоса 2,35 миллион фунт стерлинг алады. Алдағы дүйсенбіден бастап әлемнің оныншы ракеткасы. Айтпақшы былтыр отандасымыз Елена Рыбакинаға дәл осы финалда Онс Жаберді ұтқанына қарамастан Ресей және Беларусь спортшыларының қатыстырылмауы себебімен тиісті 2000 ұпай берілмеген еді.

Көрермендер көзайымы, теннисте «Шаттықтың министрі» деген лақап атқа ие Жабер құттықтау рәсімінде: «Бұл менің мансабымдағы ең ауыр жеңіліс,» - деді.

Вондроушова кім?

24 жастағы Чехия тумасы Маркета 2019 жылғы Ролан Гаррос турнирінің финалисті, 2020 Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Тенниспен төрт жасынан бастап шұғылданады. 2022 жылы тұрмыс құрған. Ойын стилі: солақай, кортта жиі дроп-шот (допты қысқарту) әдісін қолданады. 

Ерлер жағында Джокович пен Алькарас арасындағы финалдық матч жексенбі күнге жоспарланған. Басталуы Астана уақыты бойынша сағ.20:00.

Ерик Ильясов, арнайы Ulysmedia.kz үшін Лондоннан

Серіктес жаңалықтары