Балаларын лагерге жіберген алматылық ата-аналар оқушылардың қандай орынға жайғастырылғанын көріп жаға ұстады, деп хабарлайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ирина Ким есімді Facebook қолданушысы өз парақшасында лагерь аумағында жалаңаш ер адамдардың бассейн маңында серуендеп жүрген видеосын жариялады. Сол видео арқылы балаларының сауна аумағына орналастырылғанын білген ата-аналар оқушыларды демалыс орнынан жаппай алып кете бастады.
“Екі күн бұрын Жетісу ауданының балалары "Арман дала" лагеріне аттанды. Кешке көптеген балалар ата-аналарына орналасқан жерлерінен видеолар мен фотосуреттер жібере бастады. Ата-аналар шошып кетті. Олардың көбі дереу балаларды алып кетуге барды және осы видеоны түсіріп жіберді. Ондағы көрініске ашуланғаным сондай, тынысым тарылып қалды. Ата-аналар қандай күй кешкенін, балалар қалай қорыққанын айтудың өзі қиын. Бұл үшін кім жауап береді?” – деп жазды Ирина Ким.
Алматы қаласының білім басқармасы ведомство қызметкерлері ата-аналарының шағымынан кейін "Арман дала" қала сыртындағы лагеріне шұғыл аттанғанын хабарлады.
“Білім басқармасы осы ұйыммен шартты бұзу мәселесін қарайтын болады. Қазіргі уақытта балалар үйлеріне таратылып жатыр, жақын арада оқушылар бекітілген ережелер қатаң сақталған басқа лагерьлерге жіберіледі”, - делінген хабарламада.