Жол апаты салдарынан жүргізуші және 39, 36, 35 жастағы үш жолаушы, 1,5 жастағы сәби оқиға орнында тіл тартпай кетті. 35 жастағы тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп, қажетті ем-дом жасалып жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
yk.kz-ның мәліметінше, 10 қазан күні сағат 01:00-де LADA көлігінің 45 жастағы жүргізушісі Абай ауданындағы Қарауыл ауылынан Саржал ауылына бара жатқан жолда рөлді басқара алмай, көлік аударылып қалған.
ШҚО Полиция департаменті қаза болғандардың туған-туыс, жақындарына көңіл айтады. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлайды. Соның нәтижесінде оқиға қалай болғаны анықталып, сотқа қажетті сараптамалар жасалады.