×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласынан тәркіленген сағат 196 млн теңгеге сатылды

19.07.2023, 12:14
тәркіленген сағат

Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы Ибрагим Бақыттан тәркіленген швейцариялық «RICHARD MILLE» брендінің сағаты аукционда сатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Электрондық сауда платформасының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, сауда 5 шілдеде таңғы сағат 10:00-де басталды. Швейцарияның әйгілі «RICHARD MILLE» брендінің сағаты бастапқыда 393 млн теңгеге бағаланды.

Аукцион бағаны төмендету әдісімен өткізілді. Яғни, бұл жағдайда бастапқы баға төмендетіліп, аукционда ұсынылған бағаны төлеуге бірінші болып келіскен адам жеңімпаз болды. Сатып алушы бұл сағатты 196 млн теңгеге сатып алған (Т 196 834 788).

Еске салайық, Ибрагим Бақыт «Bank RBK» АҚ-ның бір топ адамымен алдын ала сөз байласып, 144 млрд теңгені алаяқтық жолмен жымқырды деген айыппен 8 жылға сотталған болатын. Сот оны10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілікпен байланысты банк және қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айырды.

Бұдан бұрын  "RBK bank" бұрынғы атқарушы директорлары Бақыт Ибрагим мен Жомарт Ертаевтан тәркіленген мүліктің толық тізімі жарияланған.

Серіктес жаңалықтары