×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Жетісу облыстық ТЖД бастығы жемқорлық күдігімен ұсталды

19.07.2023, 16:42
gov.kz

Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Ізбасаров ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақпаратты Антикор растады.

«Ия, біз оның сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын растаймыз. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды», - деді ведомствоның ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Ізбасаров бұл қызметте бір жылдан аз уақыт жұмыс істеді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы жер учаскелерін беру және объектілердің құрылысын келісу кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп күдікпен ұсталған болатын.

 

 

Серіктес жаңалықтары