×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстандағы ауасы ең лас елді мекендер анықталды

19.07.2023, 18:01
qazaq1913.com

Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2023 жылдың 1-жартыжылдығындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2023 жылғы 2-тоқсанда 69 елді мекеннің ішінен 18 елді мекен атмосфералық ауаның төмен ластану деңгейіне, 23 елді мекен көтеріңкі ластану деңгейіне, 23 елді мекен жоғары ластану деңгейіне, 5 елді мекен өте жоғары ластану деңгейіне жатқызылды», - деп жазылған ақпарат бюллетенінде.

Нақтырақ айтсақ, ластанудың өте жоғары деңгейі Қарағанды, Алматы, Астана, Абай қалалары мен Бурабай кентінде тіркелген.

Ал ластанудың жоғары деңгейіне 23 елді мекен: Өскемен, Ақтөбе, Шымкент, Орал, Тараз, Талдықорған, Петропавл, Теміртау, Жезқазған, Ақтау, Қандыағаш, Хромтау, Сәтбаев, Рудный, Арқалық, Құлсары, Лисаковск, Түркістан, Талғар, қалалары, Мақат, Индербор кенттері, Кеңкияқ, Жаңбай ауылдары жатқызылып отыр.

Көтеріңкі деңгейдегі ластану Атырау, Балқаш, Семей, Павлодар, Риддер, Аягөз, Ақсай, Көкшетау, Степногорск, Жаңатас, Жаркент, Қостанай, Жітіқара, Саран, Шемонаиха, Жаңаөзен қалалары мен Сазтөбе, Әуәзов, Қарабалық, Шұбаршы кенттерінде, Бейнеу, Қызылсай, Ганюшкино ауылдарында тіркелген. Ластанудың төмен деңгейі Атбасар, Щучинск, Алтай, Ақсу, Шу, Кентау, Қаратау, Қызылорда, Арал, Екібастұз қалаларында, Глубокое, Ақсу, Төретам, Әйтеке би кенттерінде, Қордай, Бөрлі, Ақай, Шиелі ауылдарында байқалған.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қарағанды қаласы әлемдегі ауасы ең лас 30 шаһардың қатарына енген.

Серіктес жаңалықтары