×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстан-Ресей шекарасында көліктер кептеліп тұр

21.07.2023, 15:39
көрнекі фото

Қазақстан мен Ресей шекарасында кезек күткен автокөліктер қаңтарылып тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Ресейден шығатын автокөліктердің кептелуі  (Қазақстан Республикасымен шекарасы) кері бағытта (Қазақстан Республикасынан Ресей аумағына қарай) жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарымен байланысты емес", – деп хабарлады жол басқармасының баспасөз қызметі.

Басқарма Бугристое өткізу пунктіндегі кептеліс тасымалдау көлемінің маусымдық ұлғаюына байланысты пайда болғанын атап өтті.

"Өткізу пунктінде мемлекеттік шекара арқылы жүк және жолаушылар тасымалы көлемінің маусымдық ұлғаюына байланысты көлік құралдары жиналуы және шекаралық бақылаудан өту уақыты ұлғаюы мүмкін", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан-Ресей шекарасында 100-ден астам жүк көлігі кептеліп тұрғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары