×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Талғар өзенінің тасуынан 9 турист айдалада қалып қойған

22.07.2023, 13:49
Ашық дереккөз

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысындағы селден 9 турист кедергілерге тап болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство дерегіне қарағанда, Талғар өзенінде су шығыны төмендеген, секундына 23 текше метрден ағуда. Ал бөгеттегі судың ең жоғары қауіпті межесі - секундына 70 текше метр.

“Өзенде кезекшілік және мониторинг жалғасып жатыр.

Өткен түні құрамында 11 адам және 3 РОСО және ТЖД техникасы бар іздестіру тобы бір орманшы мен 9 туристі құтқарды. Олар Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік өзенінің бассейнінен шыққан сел қара жолды шайып кетуіне байланысты орманшының үйінде қалған.

Туристерге медициналық және басқа көмек қажет емес”, – деп жазды ТЖМ-нан.

Сондай-ақ, Жамбыл өзенінің Бесмойнақ ауылы маңында 11 адам және 2 техника тауға шыққан 4 адамды құтқарды.

Медициналық көмек қажет емес, іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.

Серіктес жаңалықтары