Алматы Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне су беру уақытша шектелген. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
"Алматы Су"-дың мәліметінше, бұл судың ластануына байланысты.
"Жауын-шашынға байланысты сумен жабдықтау көздерінде бастапқы судың лайлану деңгейі өсті, сондықтан су алу уақытша тоқтатылды", – деп жазды “Алматы су”.
Нәтижесінде келесі мекенжайларда орналасқан тұтынушыларға су беру шектелді:
Юбилейный шағын ауданы;
Тау Самал (Каменск үстірті) шағын ауданы;
"ВИП әлем" коттедж қалашығы;
"Европолис" ТК;
Керей Жәнібек хандар көшесі;
Оңдасынов көшесі;
Ладушкин көшесі;
Оспанов көшесі;
Қыз Жібек көшесі;
Жәнібеков көшесі;
Найманбаев көшесі;
Достық даңғылы;
Чайкина көшесі.
Желілердегі су қысымының төмендеуі келесі көшелерде байқалады:
Қажымұқан;
Байжанов;
Луганский;
Достық даңғылы;
Нұрмағамбетов;
Сахариев;
"Көк төбе" шағын ауданы;
"Самал 1-3" шағын ауданы;
"Горный гигант" шағын ауданы.
Таулы өзендердегі судың лайлану концентрациясы қалыпқа келген сайын сумен жабдықтауды қалпына келтіруге уәде етіледі.
22 шілдеде Алматыда Торайғыров көшесінен Достық даңғылына дейінгі даңғылдың оңтүстік жағына полимерлі асфальтбетон төсеу жұмыстары аяқталды. Көлік қозғалысы ашық.