Алматы облысындағы Талғар бөгетін су шайып кетіп, 150 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Қазселденқорғау» мекемесінің мәліметінше, су тасқынынан 22 шілде күні түнгі 00:30 шамасында Талғар бөгетінің жер дамбасының оң жағалауын су басып қалды.
“Салдарынан ұзындығы - 5,5 м, ені - 3 м, тереңдігі - 1,2 метр, көлемі шамамен 20 текше метр болатын көлшік пайда болды. Оны қалпына келтірумен «Қазселденқорғау» филиалы айналысып жатыр”, – деп жазды ведомстводан.
Жауапты мекеме Талғар өзенінің қауіпті учаскелері мен көпір өткелдеріне мобильді бақылау бекеттерін қойды.
«Сел» дабылынан кейін шұғыл түрде селдің қауіпті аймағынан 150 демалушы эвакуацияланды.