×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

"Деңгей төмен": Ауылдарға бөлінген қаржыны игере алмай отырған өңірлер сынға ілікті

25.07.2023, 09:56
anatili.kazgazeta.kz

Үкімет отырысында «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаражатты игере алмай отырған өңірлер аталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ауыл - Ел бесігі» жобасын қаржыландыру жыл сайын ұлғайтылады. Соңғы 3 жылда   осы мақсаттарға республикалық бюджеттен   326 млрд теңге бөлінген болатын. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша  3,7 мыңнан астам жоба   мыңнан астам ауылда іске асырылды. 33 мың жұмыс орны құрылды.Биыл республикалық бюджеттен   198 млрд теңге бөлінді. 800 елді-мекенде   шамамен 2 мың жоба   іске асырылады», - деді Әлихан Смайылов.

 Ол атағандай, бөлінген қаржыны игеру серпіні Павлодар, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында жақсы.

«Алайда Алматы және Ұлытау облыстарында  деңгей төмен. Бюджет қаражатын  тиімсіз жоспарлау және пайдалану,  тендерлерді уақытында өткізбеу, тиісті бақылаудың болмауы объектілерді енгізу мерзімдерінің бұзылуына әкеледі. Мысалы, өткен жылы  Ұлытау облысының Атасу, Бидайық, Бостұмсық және Сарысу ауылдарында   медициналық мекемелердің құрылысына қажетті қаражат  толығымен бөлінген болатын. Алайда, құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмаған.Солтүстік Қазақстан облысының  Мүсірепов атындағы ауданда   ұзындығы 53,5 км болатын  жол құрылысы былтыр біту керек еді. Бірақ, жоспарланған көлемнен  небары 26,5 км жол пайдалануға берілген. Демек, жоспардың 50% әлі күнге орындалмай отыр», - деді ол.

Премьер-министр өңірлерде қаражатты тиімді пайдалану өте маңызды екенін атап өтті.

«Бір ауданда   бірнеше жоба іске асырылып,  басқа ауданда бірде-бір жоба іске асырылмайтын жағдайлар   болмауы керек. Бұл ретте, перспективасы бар елді-мекендердің дамуы   айрықша көңіл бөлуді талап етеді.Олар кейіннен   жақын маңдағы перспективасы аз елді-мекендердің тұрғындарын   тарту керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша   биыл Ауылдық аумақтарды дамытудың   2027-ші жылға дейінгі   тұжырымдамасы қабылданған болатын. Оның шеңберінде   «Ауыл – Ел бесігі» жобасы   ауыл инфрақұрылымын жаңғырту бойынша   негізгі құралдардың бірі болып белгіленді. 2027-ші жылы   даму әлеуеті жоғары   3,5 мың ауылдың барлығын   Өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне дейін   жеткізу күтілуде», - деді ол.

 

Серіктес жаңалықтары